Доллар бағамы төмендеді

Доллар бағамы төмендеді

Елімізде доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді.

Қазақстан қор биржасы ұсынған ақпаратқа сәйкес, биржадағы таңғы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 487,75 теңгені құраған. Осылайша, бір тәулікте "америкалық" валюта 7,25 теңгеге арзандады. Айта кетейік, Ұлттық банк дерегі бойынша, доллардың 1 наурыздағы ресми бағамы - 495,00 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатудың орташа бағамы - 487,26 теңге, сатылым - 492,84 теңге. Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орта есеппен 486,09 теңгеден сатып алады, 491,48 теңгеден сатады.

Әділет Есеркенов,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің IV курс студенті