"Бостандыққа психологиялық дайындық!"

"Бостандыққа психологиялық дайындық!"
"Бостандыққа психологиялық дайындық!"

Қазақстан Республикасы ҚАЖ Комитетінің сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс басқармасы психологиялық қызмет тобының бас маманы, әділет подполковнигі Людмила Игнатенконың сотталған азаматтарға арналған бостандыққа дайындық сабақтарының бағдарламасы бойынша «Агрессиямен жұмыс» тренингі өтті.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД-158/1 мекемесiндегi шаруашылық қызмет тобына қалдырылған сотталғандармен өз iшiндегi немесе айналасындағылардың өзiне қатысты мiнез-құлқындағы агрессивтілік мәселелерiн жеңе бiлу мақсатында «Агрессиямен жұмыс» тренингінің алғашқы «Танысу» сабағы болды. 
Сабақ барысында сотталғандар осы жерде және осы реабилитациялық бөлмеден тыс жерде, жұмыс кезiнде сақталуы тиiс топтық тренингтiң жұмыс істеу ережелерімен танысып, сергіту жаттығуларына белсене қатысып, сұрақтарға жауап іздеп, бiр-бiрiмен жақынырақ танысты.
Сотталғандар тренинг өз бойындағы кемшiлiктердi жою, түзелуге алғы жол, жеке дамуын қалыптастыру, босатылғаннан кейiн қоғамға қайта әлеуметтендіру үшiн қаншалықты маңызды үлес қосатынын ұғынды.

А.Аташева, 
ҚАЖД ЖД-158/1 мекемесінің инспектор-психологы, әділет лейтенанты