Бибісара Асаубаева Тоқаевтан қандай сыйлық алғанын көрсетті

Бибісара Асаубаева Тоқаевтан қандай сыйлық алғанын көрсетті

Шахматшы Бибісара Асаубаева Қазақстан Президенттінен қандай сыйлық алғанын көрсетті, - деп хабарлайды Arainfo тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшелерімен және шахмат федерациясының өкілдерімен кездесті. Ақордаға Президентпен кездесуге әлем чемпиондары мен халықаралық гроссмейстерлер - Жансая Әбдімәлік, Динара Сәдуақасова, Бибісара Асаубаева, Гүлісхан Нақбаева, халықаралық шебер - Меруерт Камалиденова және Қазақстан шахмат федерациясының президенті Ғалым Құсайынов пен вице-президент Дәрмен Сәдуақасов шақырылды.

Кейін шахматшы Бибісара Асаубаева Instagram-парақшасында кездесуден суреттер жариялады. Сондай-ақ, ол Президент атынан қандай сыйлық алғанын көрсетті.

Сурет:instagram.com/bibisarachess

Кездесу соңында Мемлекет басшысы шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасына алдағы уақытта Үндістанның Ченнаи қаласында өтетін Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында сәттілік тіледі.