АЗИЯ ЧЕМПИОНЫНА ҚҰРМЕТ

АЗИЯ ЧЕМПИОНЫНА ҚҰРМЕТ
АЗИЯ ЧЕМПИОНЫНА ҚҰРМЕТ

Жуырда Ливан мемлекетінің Джуния қаласында 2004-2006 жылғы жасөспірім қыздар арасында самбо күресінен өткен Азия чемпионатында Жаңатас қаласындағы М.Әуезов мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы, Жаңатас қалалық №26 спорт мектебінің шәкірті Сара Шұғаева жеңімпаз атанды. 

Азия чемпионатында топ жарып, жеңімпаз атанған Сараныауылдастары аудан орталығы Жаңатас қаласының кіре берісінен үлкен қошеметпен қарсы алып, құрмет көрсетті. 

Аталған шара жеңімпаздың оқитын М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясында салтанатты жиынға ұласып, аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев Азия чемпионын дүбірлі додада жеткен жеңісімен барша аудан тұрғындары атынан құттықтап, алғысын білдірді.

– Құрметті жас жеңімпаз Сара! Сіздің кеше ғана Ливан мемлекеті, Джуния қаласында өткен Азия чемпионатында чемпион атануыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Бұл күллі еліміздің және ауданымыздың мәртебесін арттырған мерейлі оқиға болды. Жеңісті күндеріңіз көп болсын! Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілеймін», деп аудан әкімі чемпионға Алғыс хат пен бағалы сыйлықты табыс етті.

Сонымен қатар аудан басшысы Марат Қырғызәліұлы Сараның ата-анасына, Жаңатас қалалық №26 спорт мектебі және өзі оқып жатқан М.Әуезов мектеп-гимназиясы ұжымына Алғыс айтты.

Сондай-ақ Сараның Азия чемпионатына қатысып қайтуына демеушілік жасап келген аудандық кәсіпорындарының бірі «Жарас» ЖШС-ның директоры Ернар Ерланұлы Тлешов барлық жиналған қауымды құттықтап, жеңімпаз бен оның бас бапкері Бақыт Батырұлына қаржылай сертификаттарын табыс етті.

Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі