Антына берік абзал жандар!

Антына берік абзал жандар!
Антына берік абзал жандар!

Мамыр айының 12-ші жұлдызында Халықаралық медбикелер күні аталып өтеді. Әлемде көптеген түрлі мамандықтар бар, олардың бірі, ең кең таралған және сонымен бірге сұранысқа ие мейірбике мамандығы. Жұрт бұл күні, ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетіп еселі еңбектеріне алғыс білдіріп жатады. Өйткені, олардың денсаулық сақтау саласында халық денсаулығын жақсарту жолындағы еңбегі ұшаң теңіз. Сіздердің мамандықтарыңыз адамдарға ең ізгілікті, асыл және қажетті мамандықтардың бірі. Әсіресе осы саланың барлық сатысында мейірбикелердің еңбектері айрықша көрініп тұрады. Өздерінің бүкіл қызметтері үшін олар ешқашан Гиппократ антын бұзбаған, науқастармен таза, сыпайы және ең бастысы өз жұмыстарын өз қызметтерін адал атқарады. Бір сөзбен айтқанда өз істерінің шебері. Жамбыл облыс бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты ЖД-158/1 мекеме ұжымы барлық медбикелер мен мейіргерлерді мерекемен құттықтайды. Ақ халатты абзал жандар сіздерге қызметтік жетістік, мықты денсаулық, отбасылық амандық және қиын мамандық иелеріне сәттілік тілейміз.