Білім

Оқушылардың көктемгі каникулы 9 күнге созылады

Оқушылардың көктемгі каникулы 9 күнге созылады

16 наурызда Оқу-ағарту министрлігі 9 күнге созылатын көктемгі демалыс күндерін жариялады, деп хабарлайды Arainfo тілшісі  inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

2022 жылғы желтоқсанда меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жалпы білім беретін мектептерде оқу жылының басталуы мен аяқталу мерзімі белгіленді. Оқу жылының негізгі мерзімі 1 қыркүйек пен 31 мамыр аралығы:

  • 1-11 (12) сыныптардағы оқу жылындағы тоқсандар мен каникулдардың ұзақтығы:
  • 1 тоқсан – 8 оқу аптасы, күзгі каникул – 7 күн (31 қазан мен 6 қараша аралығы);
  • 2 тоқсан – 8 оқу аптасы, қысқы демалыс – 9 күн (31 желтоқсаннан 8 қаңтарға дейін);
  • 3-тоқсан – 10 оқу аптасы, көктемгі демалыс – 9 күн (18-нен 26 наурыз аралығы);
  • 4 тоқсан - 10 оқу аптасы;
  • Сонымен қатар 1-сыныпта қосымша демалыс – 7 күн (6-12 ақпан аралығы).