Парламентте жаңа Әлеуметтік кодекс қабылданды
Парламентте жаңа Әлеуметтік кодекс қабылданды
Бүгін Парламент Сенатының депутаттары екінші оқылымда жаңа Әлеуметтік кодекс туралы заң жобасын қабылдады.
Отырыста заң жобасының мәні мен маңызы туралы сенатор Ләззат Қалтаева баяндама жасады. Ол Әлеуметтік кодексті әзірлеу – халықаралық талаптарға сай келетін әлеуметтік қорғау жүйесін құру жөніндегі мемлекеттік саясаттың стратегиялық маңызды шешімдері мен нәтижелерінің бірі екенін атап өтті. Сол сияқты Сенат депутаты өзінің баяндамасында әлеуметтік кодекс түрлі заңнамалық актілердің орнына әлеуметтік саясаттың құқықтық негізі болатынын айтты.
Сенатордың айтуынша, жүргізілген реформалардың нәтижесінде халықты әлеуметтік қорғаудың көп деңгейлі жүйесі құрылады. Сосын әлеуметтік қамсыздандыруға жауапкершілік мемлекет, жұмыс беруші және қызметкер арасында бөлінеді.