Әлеумет

Сенат Әлеуметтік кодекс жобасын қабылдады

Сенат Әлеуметтік кодекс жобасын қабылдады

Сенат Әлеуметтік кодекс жобасын екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Arainfo тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап. 

Мемлекеттік саясаттың стратегиялық маңызды шешімдерінің бірі – халықаралық стандартқа сай әлеуметтік кодексті әзірлеу.

Кодекс жобасы мен оған ілеспе заңдарды талқылау барысында Сенаттың тұрақты комитеттері, депутаттар мен жұмыс тобының мүшелері 500-дей түзетулер енгізген.

Жалпы Әлеуметтік кодексті қабылдау бірлескен жауапкершіліктің рөлін күшейтеді деп отыр. Сондай-ақ әлеуметтік қорғау саласындағы проблемаларды шешіп, әлеуметтік тәуекелдерді басқару жүйесіне алдын алу тәсілді енгізуге ықпал етеді.