Қоғам

Әлем чемпионы нашақорлыққа қарсы

Әлем чемпионы нашақорлыққа қарсы

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті студенттерінің қатысуымен есірткіге қарсы шаралар ұйымдастырылуда. Осыған орай кезекті семинарға су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру институтының 500-ден астам білім алушысы қатысты.

Полицейлер есірткі қолданудың зияны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді, сондай-ақ түрлі құқықбұзушылықтар мен қылмыстар жасағаны үшін арқалайтын жауапкершілік және есірткі қолданудың жастардың денсаулығына тигізер зияны туралы мәселелер талқыланды. Семинар барысында студенттер спикерлерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Сондай-ақ қатысушылар назарына облыстық полиция департаменті кинологиялық қызметінің қызметтік-іздестіру иттерінің көрсетілімдері ұсынылды. Іс-шараға қонақ ретінде каратэден әлем чемпионы Нұрлан Жұмамұратов арнайы шақырылды. Ол жастарды салауатты өмір салтын ұстануға үндеп, студенттерге спорттың, дене және психикалық тұрғыда денсаулықты сақтау мен нығайтудың пайдасы туралы айтып, өз тәжірибесімен бөлісті. – Жастардың есірткіге қарсы иммунитетін қалыптастыру мақсатында біз ұдайы профилактикалық іс-шаралар кешенін ұйымдастырып отырамыз. Түпкі мақсатымыз – халықтың есірткіге қатысты сауаттылығын арттыру. Оқытушылармен бірлесе отырып, біз өскелең ұрпаққа жақсы тәрбие беріп, еліміздің салауатты болашағын қамтамасыз ететінімізге сенімдімін, – деп атап көрсетті облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.

«AR-AI»-ақпарат