Ұлттық тағамдар ұлықталды
Ұлттық тағамдар ұлықталды
Орталықтың «Береке» аспаздың клубында өткен іс-шараға 14-16 жас аралығындағы үйірме қатысушылары, көпбалалы аналар қатысты. Үйірме жетекшісі Ардақ Үкенованың ұйымдастыруымен өткізілген шеберлік сағатын Талас ауданы, Амангелді ауылының тұрғыны, көпбалалы ана Мөлдір Желеубаева өткізді. Шеберлік сағатта сүттен 7 түрлі ақ дайындалды. Оның ішінде сиыр сүтінен ақ ірімшік, қызыл ірімшік, құрт, айран, қатық дайындады. Қатысушыларға құрт, ірімшік, айран, сүзбе секілді ағарған өнімдерінің жасалу жолы түсіндіріліп, құртты өз қолдарымен дайындап көруге мүмкіндік берілді. Сондай-ақ, ұлттық тағамға қосылатын өнімдердің маңыздылығы мен оларды дайындаудың қыр-сыры айтылды. Сондай-ақ жылқы сүтінен қымыз және түйе сүтінен шұбаттың дайындау жолдары түсіндірілді. Үйірмедегі жас қыздар шеберлік сағатынан тың мағлұматтар алды.