Жаңалықтар

ДАУЫС БЕРУ ТӘРТІБІ: СОТ ҮКІМІ ШЫҚПАҒАН АЗАМАТТАРДЫҢ САЙЛАУҒА ҚҰҚЫҚТАРЫ БАР

ДАУЫС БЕРУ ТӘРТІБІ: СОТ ҮКІМІ ШЫҚПАҒАН АЗАМАТТАРДЫҢ САЙЛАУҒА ҚҰҚЫҚТАРЫ БАР

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы негізінде ағымдағы жылдың 19 наурызында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы өткізіледі.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 33 бабының 2 және 3 тармақтарына сәйкес,  Республика азаматтарының мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы бар. Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлауға және сайлануға, республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ.

Дегенмен, тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларында қамауға алынған, сот үкімі шықпаған азаматтардың сайлауға құқықтары бар.

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңға сәйкес, жалпыға бiрдей белсендi сайлау құқығы - Республиканың он сегiз жасқа жеткен азаматтарының тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы.

Жоғарыдағылардың негізінде, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің тапсырмасына сәйкес Уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің № 67 мекемесінде болып, тергеу изоляторындағы №112 жабық сайлау учаскесінде азаматтардың сайлау құқығына қол жеткізуіне мониторинг жүргізді.

Қазіргі таңда тергеу изоляторында 475 адамқамауда, оның 372-сінің дауыс беруге қатысуға құқығы бар. Дауыс беру құқығы бар тұлғалар саны, заңды күшіне енген соттың үкімдеріне байланысты күнделікті өзгертілуде.

ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Байхожаев Берікбол