Экс-министр Елжан Біртанов жаңа қызметке тағайындалды
Экс-министр Елжан Біртанов жаңа қызметке тағайындалды
Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Arainfo тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Қазақстан кәсіподақтар федерациясы медиа орталығының директоры Гүлмира Қаракөзова мәлімдеді. Қаракөзованың айтуынша, 13 наурызда Кәсіподақтар федерациясының кеңсесінде QazMed республикалық салалық медицина қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы төрағасының жаңа кеңесшісі таныстырылған. Ол - Елжан Біртанов.