Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Амал мейрамымен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Амал мейрамымен құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды көрісу күнімен құттықтады, деп хабарлайды Arainfo тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Барша Қазақстан халқын бүгінгі Амал мерекесімен құттықтаймын! Көктемнің алғашқы лебін ала келетін бұл күнді жұртшылық ежелден асыға күткен. Елдік пен ынтымаққа шақыратын осы мейрам – ұлтымыздың бауырмалдық салтының жарқын көрінісі. Жыл берекелі болсын, ағайын!», - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында. Еске сала кетейік, бүгін Қазақстан халқы береке мен ынтымақ мерекесі - Көрісу күнін тойлап жатыр.