Жамбыл облысының әкімі ауылдықтарды алаңдатқан мәселелерге назар аударды
Жамбыл облысының әкімі ауылдықтарды алаңдатқан мәселелерге назар аударды
Мемлекет басшысының "Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы" жарлығына сәйкес өткен басқосуға құқық қорғау органдарының, салалық басқармалардың басшылық өкілдері де қатысты. Алдымен Күреңбел ауылдық Мәдениет үйінде өткен жиында жергілікті тұрғындар көкейдегі сауалдарын жолдап, жауап алды. Екі елді мекеннен тұратын округте жалпы 394 аула бар. Ауылдықтарға бір орта мектеп, бір негізгі мектеп, балабақша, екі медициналық мекеме, бір клуб, бір кітапхана халыққа қызмет көрсетуде. Көгілдір отынмен қамтылған.