Білім

Жаңа бағыттағы білім

Жаңа бағыттағы білім

Бүгін 125 «High School Taraz» жеке меншік мектебінде « Өрлеу» БАҰО» АҚ» филиалы  Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты «Жаңа технологиялар дәуіріндегі мектептегі білім беруді трансформациялау» тақырыбында  Best Practice өткізді.

Best Practice-ке  облыстық  білім басқармасы мен облыстық оқу-әдістемелік кабинет қызметкерлері, білім бөлімдерінің мамандары мен әдіскерлері, мектеп директорлары, директордың орынбасарлары қатысты. Жаңа технологиялар дәуірінде мектеп білімін трансформациялаудың тиімді тәжірибесін тарату арқылы заманауи мектеп моделін қалыптастырудың тиімді жолдары талқыланды. Іс-шарада жаңа технологиялар дәуіріндегі мектеп білімінің трансформациясын талқылау ұсынылды. Best Practice жұмысы 3 бағыт бойынша жүргізілді. «Ақыл-ойдың тоғысуы»  интерактивті сессиясы, «Оқы, ізден, пайдалан: Ұлылардан ұлағат» панельдік пікірталас және «Қазіргі заманауи мектепте кәсіби өсуге бейім команданы қалай құруға болады?» рефлексиялық тәжірибе: деген тақырыптарда өрбіді. Білім беру бағдарламаларына қандай жаңалықтар енгізу керек деген сауалға жауап ізделінді. Жай мектептер мен жекеменшік мектептердің айырмашылығы, білім берудегі жаңа технологияларды қолдануы секілді ойлар қозғалды.  Сөз алған мектеп басшылары өз идеяларын айтты. Бір-бірімен тәжірибе алмасты.