ҚОСТАНАЙДА ҚАНЖЫҒАМЫЗ МАЙЛАНДЫ
ҚОСТАНАЙДА ҚАНЖЫҒАМЫЗ МАЙЛАНДЫ
Жуырда Қостанай қаласында кикбоксингтен 2005-2006 жылы туған жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Ел біріншілігіне 3 қала және 17 облыстан 300-ге жуық спортшы қатысты. Еліміздің әр аймағынан іріктеліп келген спортшылардың бәсекесінде жамбылдықтарға тең келетін қарсылас табылмады. Әрбір жекпе-жекте өрендеріміз тамаша шеберлігімен көзге түсіп, көпшіліктің құрмет-қошеметіне бөленді. Тартысты өткен біріншіліктің қорытындысы бойынша облыс құрамасы 9 алтын, 5 күміс, 11 қола жүлде еншілеп, жалпыкомандалық есепте I орынды иеленді.