Парламент депутаты құтқарушылардың зейнетке шығу жасын қысқартуды ұсынды
Парламент депутаты құтқарушылардың зейнетке шығу жасын қысқартуды ұсынды
«Құтқарушының лауазымдық жалақысы биылдың 1 қаңтарынан бастап 23 пайызға өскенін есепке алғанда, 105 208 теңгені құрайды. Біздің ойымызша, мұндай қауіпті кәсіп қызметкері үшін бұл жеткіліксіз. Өйткені, бұл мамандар күн сайын құтқару жұмыстарын атқарады және өз өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді», - деп С. Ершов Сенаттың жалпы отырысында. Сенатор құтқарушылардың зейнетке 63 жасында шығуын да дұрыс емес деп санайды. Себебі олар жұмыс істейтін жағдайлар өте қауіпті болады. Депутат құтқарушыларға еңбек зейнетақысын мерзімінен бұрын беруді көздейтін кейбір елдерді мысалға келтірді. «Құтқарушыларға мәртебесін арттыру мақсатында құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен Қарулы Күштердің әскери қызметшілері деңгейінде тұрғын үй төлемдерінің тәсілдері мен тетіктерін беру қажет деп санаймыз», - деді депутат.