Жаңалықтар

Таразда ҚАЖ қызметкерлері бірлескен іс-шара барысында қару тапты

Таразда ҚАЖ қызметкерлері бірлескен іс-шара барысында қару тапты

Таразда ҚАЖ қызметкерлері бірлескен іс-шара барысында қару тапты. Шаһардың «Тектұрмас» ауданында жедел іс-шара өткізу кезінде Стариков көшесінің соңындағы қоқыс үйіндісінен белгісіз зат табылып, тәркіленді.

Анықталғандай, онда тегіс ұңғылы, нөмірлік белгілері өшірілген 12 калибрлі аңшы мылтығының кесіндісі, 16 дана 12 калибрлі оқ-дәрі және 25 дана «ПМ» тапаншасы мен 138 бірлік «АК» автоматының патрондары бар екендігі белгілі болды. Қазіргі таңда оқиға орнына Тараз қалалық жедел тобы шақыртылып, тергеу амалдары жүргізілуде. Айта кетейік, бұл іс-шараға ҚР ҚАЖ Комитетіның жедел басқармасының және облыстық ҚАЖ департаментінің жедел бөлімшесінің сондай-ақ №59 түзеу мекемесінің жедел бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылды. Заңға қайшы оқиға бүгін шамамен сағат 14.00-де орын алған.