Түркияда жер сілкінісінен аман қалған қазақстандық қыз елге оралды
Түркияда жер сілкінісінен аман қалған қазақстандық қыз елге оралды
Түркияда жер сілкінісінен аман қалған қазақстандық қыз елге оралды, деп хабарлайды Arainfo тілшісі. Бұл туралы Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.
«Ол ауруханада жатқан кезде біздің консул үнемі байланыста болды. Қыздың жанында туыстары болды. Қазір ол Қазақстанға оралды, бірақ өзін мазаламауды өтінді», - деді сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров. Оның айтуынша, министрлік отандасымызға елге жетуге көмектескен. Сабина Мамадиярова Анталья-Алматы рейсімен ұшып келді. Айта кетейік, Түркиядағы жер сілкінісі кезінде Қазақстанның төрт азаматы жоғалып кеткен болатын. Кейін үшеуінің мәйіті үйінді астынан табылды. Сабина Мамадиярова тірі табылды, оның қолы сынған.