Әлемде

Қытайда туу көрсеткішін арттыру үшін неке демалысы енгізілмек

Қытайда туу көрсеткішін арттыру үшін неке демалысы енгізілмек

Қытайда депутаттар туу санын арттыру үшін жастарға 8 сағаттан аса уақыт жұмыс істеуге тыйым салуды ұсынды.

Депутаттардың мәлімдеуінше, егер жігіттер мен қыздардың жұмыс күні аз болса, олардың сүйіктілерін табуға уақыты болып, дүниеге бала әкелу ықтималдылығы көбейеді. Ұсыныс бүкілқытайлық халықтық саяси консультативтік кеңес комитетінің және Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының жыл сайынғы сессияларын талқылауға шығарылды. Сонымен қатар, балабақшаларға жыныстық сауаттылық бойынша сабақтар енгізу ұсынылады. Бірақ Батыс өркениеті ықпал етпеуі үшін қытайлық оқулықтар қолданылады. Сондай-ақ елде неке демалысы енгізілмек. Еске сала кетсек, былтыр қытай халқы күрт азайып, халық саны бойынша олардан Үндістан басып озған еді.