Жаңалықтар

Президент сайлауында барлық кандидатқа қарсы дауыс беруге болады

Президент сайлауында барлық кандидатқа қарсы дауыс беруге болады

20 қарашада болатын ҚР Президенті сайлауы бюллетеньдерінде «Барлығына қарсымын» графасы болады. Яғни сайлаушылар барлық кандидатқа қарсы дауыс бере алады, деп хабарлайды Arainfo тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Барлығына қарсымын» графасы заңмен қарастырылған. Бюллетеньде ол графа болады. Егер азамат бірде-бір кандидатты таңдамаса, ол барлығына қарсы дауыс беруге құқылы», - деді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының Константин Петров баспасөз мәслихатында. Бұған дейін Президент сайлауына кандидаттарды ұсыну 23 қыркүйекте басталатыны туралы хабарлаған едік. «Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалған күннің келесі күнінде басталады. Яғни 2022 жылғы 23 қыркүйекте басталып, 11 қазан күні сағат 18:00-де аяқталады», - деген еді Константин Петров. Айта кетейік, ертеңнен бастап Президент сайлауына кандидаттарды ұсыну басталады. Сондай-ақ, Президенттікке кандидаттар қазынаға 3 млн теңге жарна төлейтіндігі айтылды. Ал кандидаттар үгіт-насихат жүргізуді 21 қазанда бастайды. Одан бөлек, Орталық сайлау комиссиясында Абай, Жетісу және Ұлытау облысында сайлау учаскелерінің құрылатыны айтылды.