Әлеумет

Мемлекеттік қызметшілер журналист сауалына 3 күнде жауап беруі тиіс

Мемлекеттік қызметшілер журналист сауалына 3 күнде жауап беруі тиіс

Бұл туралы Орталық және аймақтық мемлекеттік органдардың баспасөз хатшыларына арналған семинарда Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Министрдің айтуынша, бұл ақпараттық ашықтықты арттырумен қатар, жауапкершілікті де күшейте түспек.

Сонымен бірге министр қазір талқыланып жатқан "Масс-медиа" туралы заң жобасының негізгі мақсаты да журналистер мәртебесін көтеру, отандық контентті қолдау және ұлттық ақпаратты қорғау екенін екенін айтты. Айта кетейік, Астана қаласында мемлекеттік органдар баспасөз хатшыларына арналған семинар өтіп жатыр. Шараның ұйымдастырушылары - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, ҚР Президентінің Баспасөз қызметі, Қазақстандық қоғамдық даму институтының «MediaLab» орталығы және M.NARIKBAYEV KAZGUU UNIVERSITY.