Әлеумет

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ МІНДЕТІ КӨП

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ МІНДЕТІ КӨП

Халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығы және әділдігі, өз жұмысына деген жауапкершілігі, қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуы – әрбір мемлекеттік қызметкердің міндеті. Демек, адамдар арасында мемлекеттік қызметші туралы дұрыс пікір, оң көзқарас, оған деген айқын сенімділік қалыптасуы қажет. 

Мұндай сенім мен құрметке жету оңай емес. Бұл үшін бір ғана кәсіби білімділік пен білгірлік жеткіліксіз, одан басқа қызметшінің жеке мінез-құлық мәселесі және бар. Яғни кызметшінің кәсібилік деңгейі мен жоғары моральді-адамгершілік қасиеттері қатар тұру керек. Бүгінгі күні мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән беріліп келеді. Кәсібилік пен әдептілік қосылып, мемлекеттік қызметшінің тұтас имиджін көрсетеді. Халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығына және әділдігіне қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуға мүмкіндік береді. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің облыс бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілінің тікелей ықпалымен қызметтік әдеп нормаларының сақталуына және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптары мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз етуге байланысты жеке құраммен түрлі семинар-жиналыстар өткізіліп отырады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мемлекеттік қызметшілердің іскерлік келбеті туралы негізгі ұсынымдары бар. Бұл ұсынымдар туралы департамент қызметкерлеріне таныстырылған және басшылыққа алу туралы ескертілген. Аталған агенттіктің ұсынымы бойынша келбетке қойылатын негізгі талаптар: ұқыптылық, тазалық, жайлылық және сыртқы бейнеге шамданудың болмауы. Біз, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері активтердің түгелдігін қамтамасыз етуге және қызметтік міндеттерді атқару үшін сеніп тапсырылған материалдық-техникалық ресурстарды (мүлік, көлік, жабдықтар, кеңсе заттары және тағы басқалары) күтіп ұстауға міндеттіміз. Бізге сеніп жүктелген ресурстарды барынша ұтымды және тек қызметтік мақсатта тиімділік пен үнемділік қағидаттарына сәйкес пайдалануымыз керек. Басқа тұлғаларға да заңсыз іс-әрекеттерді жасауға мейлінше тосқауыл қоюымыз қажет. Біз өз тарапымыздан қазынаның мүлкін үнемді, тиімді пайдаланып та мемлекетке орасан зор пайда әкелуге толық мүмкіндігіміз бар. Қандай болғанда да мемлекеттік қызметші әдеп нормаларын сақтауға қалыптасуы, Әдеп кодексін оқып, өзін-өзі үйретуі, өзгеден үйренуі және өзгені үйретуі керек. Осы ретте ұжым арасындағы моральдік-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында Әдеп уәкілінің бекітілген жұмыс жоспарындағы реттілігі бойынша әр тоқсан сайын анонимді сауалнама жүргізіліп отырады. Соның қорытындысы бойынша қызметкерлердің арасындағы, қызметкер мен басшылардың арасындағы қарым-қатынас, сенімділік, әдеп нормаларын сақтау жағдайлары талқыланып, қандай мәселелерге көбірек көңіл аудару қажеттігіне нақты кеңестер беріліп отырады. Осындай көпшілікпен жасалатын жұмыс ұжым арасындағы өзара қызметтік ынтымақтастықты нығайтуға, қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және ұжымды қызмет барысында ортақ мақсаттарға жетуге біріктіреді. Біз әркез қызмет көрсетудің жоғары стандарттарына сәйкес болуға, адалдық, ашықтық және әділдік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, қызметтерді кәсіби көрсетуге талпынуымыз қажет. Мемлекеттік қызметші жан-жақты дамыған тұлға болуы тиіс, үнемі саламатты өмір салтын ұстануы және отбасы құндылықтарын насихаттауы қажет. Әрқайсысымыз жұмыстан тыс уақытта өз іс-әрекетіміз бен мінез-құлқымызға жауапты екенімізді, ал кез келген жағдайда әдеп қағидаттарын сақтау қоғамның мемлекеттік қызметке деген жоғары сенімінің негізі екенін есте сақтауымыз қажет. Мемлекеттік қызметші үнемі өзіне «Мен өз әріптестеріме және азаматтарға әділетті әрі адал қарым-қатынас жасаймын ба? Мен әдептік құқықбұзушылықтарға төзбеушілік және парасаттылық қағидаттарын қаншалықты сақтаймын? Мен қоғамның биік сенімін ақтау үшін қандай болуым керек?» деген сұрақтарды қоюы керек. Мемлекеттік қызметші азаматтардың мүдделерін бәрінен жоғары қоюы керек және жүктелген міндеттемелерді адал орындауды өз міндеті деп санауы тиіс.

Даниярбек ТҮСІПОВ, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті облыс бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі