Жаңалықтар

Жемқорлардан тәркіленген 120 млрд теңге арнайы шотта тұр – Жамаубаев

Жемқорлардан тәркіленген 120 млрд теңге арнайы шотта тұр – Жамаубаев

Қазақстанда жемқорлыққа қатысты қылмыстық істер бойынша тәркіленген 120 млрд теңге арнайы шотта жиналды. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлады Arainfo тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап.

«Бүгінде арнайы шотта шамамен 120 млрд теңге жиналды. Қазіргі уақытта Оқу-ағарту министрлігінен өтінім күтіп отырмыз. Бірінші кезекте біз жөндеуді талап ететін мектептерді жөндейміз. Бұл үш ауысымды мектептерге қатысты...», - деді Ерұлан Жамаубаев Сенаттың жалпы отырысынан соң. Вице-премьердің айтуынша, қазір өтінімдерді қабылдау процесі жүріп жатыр.

Үкімет басшысының орынбасары арнайы шот Қаржы министрлігі қазынашылық комитетінде ашылғанын атап өтті.