Әлеумет

Әскерге шақырудан босату немесе кейінге қалдыру: жаңа функция іске қосылды

Әскерге шақырудан босату немесе кейінге қалдыру: жаңа функция іске қосылды

Әскерге шақырылатын қазақстандықтар өзінің әскерден босатылғаны немесе кейінге қалдырылғаны туралы мәртебесін SMS арқылы біле алды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, - деп хабарлайды Arainfo тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Бағдат Мусин Instagram-парақшасында жаңа функцияның бүгін, 1 наурызда қолжетімді болғанын айтты.

Министрдің айтуынша, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ және Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, қазақстандықтарды әскерге шақырудан босату және кейінге қалдыру туралы ақпарат беретін проактивті мемлекеттік қызметті іске қосқан.

Қазірде 300 мыңнан аса әскерге шақырылушы 1414-тен ЅМЅ хабарламалар алып үлгерген.