Әлеумет

Сала ардагерін Алғыс айту күнімен құттықтап барды

Сала ардагерін Алғыс айту күнімен құттықтап барды

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Ерболат Мақсұтханұлы мен облыс әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Саурықов есіл уақытын жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласына арнап, құрметті еңбек демалысындағы Самадбек Жұмаділдаевтың шаңырағына барып, көктемнің алғашқы мерекесі - Алғыс айту күнімен құттықтады.

Алдыңғы буын ағалардың салған ізі әрқашан кейінгі толқынқа бағыт-бағдар болып қала бермек. Ардагерін ардақтай білген елдің ұрпағымыз десек, қазына қарияларға құрмет көрсетуіміз керек. Салаға 46 жыл уақытын арнаған ардагер ақ батасын беріп, ризашылығын жеткізді.  width=