Әлеумет

Жамбыл облысында мүгедектігі бар жетім қыздың пәтері қайтарылды

Жамбыл облысында мүгедектігі бар жетім қыздың пәтері қайтарылды

Жамбыл облысында мүгедек әрі жетім қыздың пәтері өзіне қайтарылды, деп хабарлады Жамбыл облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

2013 жылы 29 жастағы балалар үйінің түлегі, екінші топтағы мүгедек Өтегенова депозитке 1 млн теңге жинап, жатақханадан тұруға мүлдем жарамсыз 1 бөлме сатып алған. Бөлмені сатқан адам қыздың мүгедектігін, өз әрекетіне жауап бере алмайтынын пайдаланған.

Бірақ жетім қыз бұл үйді ала алмаған.

Өтегенова ауруына байланысты құзыретті органдардан көмек сұрай алмаған. Тіпті, оның жақын туыстары мен қамқоршысы да болмаған. Облыстық прокуратура қыздың ауыр жағдайда қалғанын өндірістегі істерді талдау барысында білген. Қызметкерлер шұғыл түрде іс жүргізуді тоқтатып, дереу қадағалау актілерін енгізді. Нәтижесінде Өтегенованың пәтер алуға конституциялық құқығы қалпына келтірілді. Бірінші кезекте, Тараз қаласы сотының 2022 жылғы 28 қаңтардағы шешімімен қыз ауруына байланысты әрекетке қабілетсіз деп танылды. Тараз қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 28 наурыздағы қаулысымен оған қамқоршы тағайындалды. Жатақханадағы бөлмені сатып алу-сату мәмілелерін жасау кезеңінде ол өзінің іс-әрекеттерінің маңызын және олардың салдарын түсіне алмағанын ескеріп, сотқа оларды жарамсыз деп тану туралы талап арыз берілді.