Жамбыл жаңалықтары

ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВТЫҢ ЕСКЕРТКІШІНЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫ ҚОЙЫЛДЫ

ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВТЫҢ ЕСКЕРТКІШІНЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫ ҚОЙЫЛДЫ

28 қаңтар – қазақ халық поэзиясының алыбы, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың туған күні. «Дала Гомері» деп атанған данагөй тұлғаның туған күніне орай облыс әкімдігі ғимаратының алдында орналасқан Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті. 

Салтанатты шараға Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов, Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков және зиялы қауым өкілдері, облыстық, қалалық ардагерлер кеңесі мен қоғамдық кеңестің мүшелері қатысты.