Спорт

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ МҮДДЕСІ БИІК

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ МҮДДЕСІ БИІК

Жуырда Шымкент қаласында есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында Қазақстан Республикасының III Спартакиадасы өтті. Төрт жылда бір рет өткізілетін жарысқа еліміздің 18 өңірінен 800-ден астам спортшы қатысты.

Спартакиаданың салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі. Аталған спартакиадаға Жамбыл облысынан 9 спорт түрі бойынша (жеңіл атлетика, жүзу, үстел теннисі, таэквондо, дзюдо, дойбы, еркін және грек-рим күресінен) 43 спортшы қатысты. Жарыстың қорытындысы бойынша Жамбыл облысының құрамасы 21 алтын, 6 күміс, 11 қола медальға қол жеткізіп, жалпы командалық есепте екінші орынды иеленді. 27 алтын, 13 күміс, 19 қола медальмен Алматы қаласының құрамасы жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілсе, үздік үштікті 17 алтын, 16 күміс, 10 қола медальмен Нұр-Сұлтан қаласы түйіндеді.