Жамбыл жаңалықтары

БАРЛЫҚ МӘСЕЛЕ ЗАҢ АЯСЫНДА ШЕШІЛЕДІ

БАРЛЫҚ МӘСЕЛЕ ЗАҢ АЯСЫНДА ШЕШІЛЕДІ

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов азаматтарды толғандырған мәселелері бойынша жеке-жеке қабылдады.

Қабылдауға келген және онлайн режимде қатысқан Тараз қаласы және Шу, Талас аудандарынан жазылған облыс тұрғындары негізінен баспана, жұмыспен қамту, ауланы абаттандыру және өзге де мәселелерді көтерді. Айталық, тараздық тұрғын, I топ мүгедегі, Паралимпиада жүлдегері Толағай Шынболатов тұрғын үйге мұқтаждар тізімінде I топтағы мүгедек ретінде 2014 жылдан бері тұрғанын айтып, баспаналы болуына көмектесуді сұрады. Шулық тұрғын Айтуар Қойгелдиев те баспана мәселесін шешіп беруін өтінді. Ал тағы бір облыс орталығының тұрғыны Фатима Сейдаметова тұрғын үй ауласының қашан абаттандырудан өтетінін сұрады. Өзге де азаматтар өз мәселелерін жеткізді. Облыс әкімі барлық сұрақтар заң аясында шешілетінін атап өтіп, кейбір мәселелер бойынша жан-жақты мүмкіндіктерді қарастыру, зерделеу жүргізу үшін жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.