Әлеумет

Darkhan Juzz лақапатымен танылған музыкант қайтыс болды

Darkhan Juzz лақапатымен танылған музыкант қайтыс болды

Darkhan Juzz лақапатымен танылған музыкант қайтыс болды, деп хабарлайды Arainfo тілшісі.

Қаралы хабарды Ozen лейблінің мүшелері растады. Әнші 1991 жылы 9 тамызда Алматыда дүниеге келген. Дархан Жүнісбеков - көпке Darkhan Juzz деген атпен танылған әнші, «Үйде», «Сапар», «Шекер», «Кейіпкер» әндерінің авторы әрі орындаушысы. Сонымен қатар ол рэп орындаған, дыбыс продюсері де болды. Кейбір дереккөздерде әншінің Тайландта жол апатынан қаза тапқаны айтылып жатыр.