Жер сілкінісіне еліміз дайын ба? – вице-министр жауап берді
Жер сілкінісіне еліміз дайын ба? – вице-министр жауап берді
Бұл сауалды БАҚ өкілі Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаевке қойды, деп хабарлайды Arainfo тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Вице-министр сауалға жауап бермес бұрын еліміздегі сейсмикалық қауіпті аймақтарды атап өтті.
Бұған дейін Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті жер сілкінісі болған жағдайда баспанасыз қалған, зардап шеккен адамдарды құтқаратын 384 пункт ашылады деп айтқан болатын. Ал Ибрагим Күлшімбаев құтқарушылардың дайындығын тексеру үшін оқу-жаттығу өткізілетінін мәлім етті.
Айта кетейік, бұл ақпарат Түркиядағы табиғи апат аймағында ҚР ТЖМ құтқарушылары жүргізген іздестіру-құтқару жұмыстары туралы баспасөз конференциясында айтылды. Түркиядағы іздестіру-құтқару жұмыстарына Астана және Алматы қалаларынан, Ақмола және Қарағанды облыстарынан құтқарушылар қатысқан болатын. Бұған дейін Түркиядан елге оралған құтқарушы ең үлкен қуанышымен бөліскен еді.