Әлемде

Тәжікстанда 7,3 балдық зілзала болды

Тәжікстанда 7,3 балдық зілзала болды

ҚР ТЖМ "СТӘЭ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 23 ақпанда сағат 06.37-де (Алматы уақыты бойынша) Тәжікстан аумағында магнитудасы 7 балл болатын жер сілкінісін тіркеді. Әзірге опырылған ғимараттар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 696 шақырым жерде 20 шақырым тереңде орналасқан. Оңтүстік астанада жер сілкінісі 2-3 балл көлемінде сезілді.