Жаңалықтар

Мемлекеттік қызметке орналасу тесті енді 9 емес, 4 заң бойынша алынады

Мемлекеттік қызметке орналасу тесті енді 9 емес, 4 заң бойынша алынады

Мемлекеттік қызметке орналасу үшін іріктеу конкурсына қатысатын үміткер сынақтың 4 кезеңінен өтеді. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Азамат Жолманов айтты, деп хабарлайды Arainfo тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Спикер ұсынған мәліметке сай, тестілеу жүргізілетін нормативтік-құқықтық актілердің саны 9-дан 4-ке дейін қысқартылған. Сондай-ақ, іріктеу конкурсына қатысатын үміткер келесі кезеңдерден өтеді: 1. Жеке қасиеттерін бағалау; 2. Мәтіндік және сандық ақпаратпен (SHL) жұмыс істеу қабілетін бағалау; 3. Эссе жазу; 4. Мемлекеттік органның конкурстық комиссиясында әңгімелесуден өту. Азамат Жолманов айтуынша, үміткерлерді лауазымға жаңа жүйемен іріктеу 1 наурызда басталады.