Жаңалықтар

Көлік жуғанда да сақ болыңыз

Көлік жуғанда да сақ болыңыз

2023 жылдың 9 ақпанында Тараз қалалық полиция басқармасының 1-полиция бөліміне 41 жастағы әйел азамат арызданып, көлік жуу орталығына қойған «Toyota Camry-50» маркалы автокөлігін белгісіз біреулердің рұқсатсыз айдап кеткені туралы шағымданды. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде көлікті ұрлап кеткен күдіктілердің ізі суымай анықталып, ұсталды. 25 және 31 жастағы көлік жуу орталығының жұмысшылары көлікті мас күйде басқарып, салдарынан рөлге ие бола алмай Жамбыл даңғылы мен Сүлейменов көшелерінің қиылысында орналасқан бетон бағанаға соқтығысқан. Жол-көлік апатынан көлік зақымданып, жәбірленушіге 10 000 000 теңге көлемінде шығын келтірілген. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 200-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі