Жамбыл жаңалықтары

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар өткізілді

Олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің мәжіліс залында семинар- тренинг өтті.

Тағылымды жиынға дене-шынықтыру және спорт басқармасына қарасты 51 мекеме басшылары мен басқарманың 10 қызметкері, сондай-ақ ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменттің бас маманы Ажибаев Айбек Иткараевич қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты үлкен дертке айналған кеселдің алдын алу және жемқорлықпен күресті күшейту, сонымен қатар жемқорлық салдарын түсіндіруге бағытталған. Жиында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменттің бас маманы Ажибаев Айбек сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің салдары туралы әңгімелеп, семинарға қатысушыларды сыбайлас жемқорлықтың тереңнен құлаш жаймауына қарсы күресте біріктіруге шақырды. Семинар соңында қатысушылар бас маманға сұрақтар қойып, өз ойларын ортаға салды.