Алматыда грек-рим, еркін және әйелдер күресінен VI спартакиада өз мәресіне жетті
Алматыда грек-рим, еркін және әйелдер күресінен VI спартакиада өз мәресіне жетті
Жалпы күреске 3 қала мен 17 облыстан 650-ге жуық спортшы жиналды. Атаулы жарыста 29 жерлесіміз боз кілемде облыс намысын қорғады. Жамбыл облысы грек-рим күресінен қанжығасына 2 медаль байлады. Нақтыласақ 63 келі салмақ дәрежесінде Жарылқасын Ержет күміс жүлде, ал 67 келіде өнер көрсеткен Қошқар Дін-Мұхаммед қола жүлдеге ие болды. Сондай-ақ жарыс қорытындысы бойынша еркін күрестен Жамбыл облысының құрама командасы 2 алтын, 2 күміс, 2 қола медальді еншіледі. Атап айтқанда 57 келі салмақ дәрежесінде белдескен Рахат Қалжан және 67 келіде сынға түскен Санжар Мұхтар чемпион атанды. Ал 79 келіде Нұрдаулет Қуанышбай, 125 келіде күрескен Ерғали Әлишер күміс жүлде иегерлері атанды. 70 келі салмақта Меиржан Аширов және 79 келіде белдескен Дәулет Ергеш қола жүлдені қанағат етті. Жалпы командалық есепте Жамбыл облысы еркін күрестен 127 ұпаймен 1 орын алды.