Білім

Нұртөре Жүсіп: Еліміздегі мектептерді күзету - формальды түрде жүргізіледі

Нұртөре Жүсіп: Еліміздегі мектептерді күзету - формальды түрде жүргізіледі

Бұл туралы депутат Нұртөре Жүсіп Сенат отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Arainfo тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Сенатор Нұртөре Жүсіп еліміздің Премьер-Министріне жолдаған депутаттық сауалында қазіргі таңда біздің елімізде оқу мекемелерінің қауіпсіздігі  формальды түрде және қарабайыр түрде жүргізілетіні туралы айтты.

Депутат Петропавл қаласындағы 9-сынып оқушысы мектепке балта мен пышақ алып келіп, үш баланы жарақаттаған қайғылы жағдайды еске салды. Нұртөре Жүсіп осыған байланысты мұндай төтенше жағдайларды болжау жүйесіндегі, ерте алдын алудағы күрделі проблемаларға назар аударды. Сенатор елімізде бұл бағыт бойынша маңызды ғылыми база жоқ екенін атап өтті. Оқушылардың психологиялық портретін жасау, отбасының әлеуметтік мәртебесін анықтау кезінде депрессияға немесе агрессияға бейім балаларды алдын-ала оқшаулау ескерілмейді.

Депутат «Білім туралы Заңында» оқушылар мен ұстаздардың  қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы бір ауыз сөз жоқтығына да алаңдаушылық білдірді.