Тұрақтандыру қорында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоры жеткілікті
Тұрақтандыру қорында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоры жеткілікті
Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы мен «Тараз» ӘКК басшылары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және бекітілу жұмыстарының барысы туралы баяндады. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға индексі жыл басынан бері 2,0 пайызды (республика бойынша – 2,1%) құрады. ӘМАТ бағасын тұрақтандыру мақсатында делдалдарды анықтау және жою, өнімдерді тікелей жеткізуді ұйымдастыру, ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу, көкөністерге тауарлық интервенция жүргізу, бақылау-кассалық аппарарымен жабдықталған нүктелерді сапалы және төмен бағалардағы өнімдермен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдануда. Форвардтық келісімшарт бойынша 1000 тонна пияз, 500 тонна картоп, 500 тонна қырыққабат, 1000 тонна сәбіз жеткізу жоспарлануда. Ал, «Айналым схемасы» бойынша «Magnum» сауда желісімен 18 млн. теңгеге, «Дәмді себет»-пен 120 млн. теңгеге, «Эко чикен»-мен 50 млн. теңгеге келісім-шарттар жасалған. Тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану тетігін жүзеге асыру үшін 4000 тонна ұн, 50 тонна қарақұмық, 200 мың литр күнбағыс майы, 50 тонна күріш, 1 миллион дана жұмыртқа сатып алу көзделуде.
Жиын қорытындысы бойынша аймақ басшысы жауапты тұлғаларға жергілікті тауар өндірушілерден тікелей жеткізілімдерді ұйымдастыру, апта сайын өтетін жәрмеңкелер туралы халықты кеңінен хабардар ету, сауда саласындағы заң бұзушылықтарды анықтау жөнінде тапсырмалар берді.