Ауыл шаруашылығы

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІН ЦИФРЛАНДЫРУДА СЕРПІН БАР

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІН ЦИФРЛАНДЫРУДА СЕРПІН БАР

2013 жылдың 15 сәуір күні «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заң қабылданды. Қабылданған заң талаптары көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша жаңа көзқарастарды қалыптастырып, негізінен қызмет алушы және азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған. 

Осы орайда облыс әкімдігі ауылшаруашылығы басқармасы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық форматқа көшіру аясында тиісті жұмыстарды жүргізуде. Атап өтер болсақ, «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы субсидиялаумен байланысты көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру жөніндегі» жол картасы аясында 2019 жылдан бастап басқармада субсидиялаумен көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері электрондық форматқа көшірілді. Жол картасы аясында «qoldau.kz» ақпараттық жүйесі жұмыс істейді. Жүйе арқылы қазіргі таңда 19 мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі көрсетіледі. 11 мемлекеттік көрсетілетін қызмет субсидия беру бағыты бойынша, қалған 8 түрі «Е-лицензиялау» порталы арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ішінде екеуі заңды тұлғаға, біреуі жеке тұлғаға, он алтысы жеке және заңды тұлғаға көрсетіледі. Қазіргі таңда «GOSAGRO.KZ» порталында субсидиялаудың негізгі түрлері бойынша өтінімдер 2023 жылдың ақпан айынан бастап қабылданады. «АӨК субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесі» фермерлерге субсидиялауға өтінімдерді ресімдеу үшін балама ретінде әзірленді. Өтінімдерді беру, субсидияларды өңдеу және алудың бірыңғай «GOSAGRO.KZ» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Жүйе толығымен автоматтандырылған және ақысыз негізде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. 2022 жылдың 31 желтоқсанында бұрынғы «qoldau.kz» порталынан инвестициялық субсидиялау бойынша толық тарихи деректер алынды. Қазіргі уақытта ақпараттық базаны жаңа жүйеге енгізу жұмыстары жүргізілуде. Субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесінің арқасында фермерлерге субсидия алудың орындылығын растау үшін қосымша анықтамаларды ұсынудан арылады. Өйткені талап етілетін ақпарат басқа мемлекеттік ақпараттық жүйелермен, соның ішінде жер учаскелері, ауылшаруашылық жануарлары, техника және арнайы көлік жөніндегі деректермен, кооператив мүшелері туралы мәліметтермен, сондай-ақ «алқаптар картасымен» біріктірілген. Инвестициялық субсидиялар бөлігінде құрылыста мемлекеттік сараптама жүргізу туралы деректерді алу үшін «E-ЖСҚ» ақпараттық жүйесімен интеграциялау жұмыстары басталды. Субсидиялаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі бюджеттің болуына қарамастан өтінімге реттік нөмір бере отырып, «күту парағы» қағидаты бойынша жұмыс істейді. Бюджет «күту парағында» өтінімдердің кезектілігі бойынша ғана бөлінеді. Оған фермердің тарапынан қосымша іс-әрекеттер қажет емес. Бұл тәсіл қаражатты бөлудің ашықтығын қамтамасыз етеді және субсидияларды төлеу кезінде адами факторды болдырмайды. «Күту парағына» келіп түскен өтінім мақұлданған болып есептеледі және тек тиісті қаржыландыруды күтеді. Қолданыстағы субсидиялау қағидаларына сәйкес фермерлерден өтінімдерді қабылдауды бастау мерзімдері белгіленген. Негізгі өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 1 ақпанынан басталады. Басқармада жеке және заңды тұлғаларды қабылдауда кедергісіз және жайлы орын үшін бірінші қабатта бейнебақылау арқылы ашық кабинет қарастырылған. Сонымен қатар сенім телефоны (45-42-30, 45-55-32) жұмыс істейді. Басқарманың ғимаратында жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне арналған жәшік орнатылған. Азаматтарды жеке қабылдау бойынша басшының және оның орынбасарларының кестесі бекітілген. Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сапалы көрсету мақсатында ғимараттың ішінде көрнекі ақпараттар орналастырылған. Сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар үшін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары мен регламенттердің дұрыстығын қамтамасыз етуде басқарманың ресми сайтына барлық мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалар тізілімі көрсетілген. Басқарма қоғаммен байланыс орнату мақсатында «Facebook» және «Instagram» әлеуметтік желісінде парақшаларын ашып, басқарма тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар мен тұрғындардан түскен сұрақтарға дер кезінде жауаптар берілуде. Мемлекеттік қызметтер көрсету барысында негізсіз бас тартулар, арыз-шағымдардың мерзімін бұзу және ақпараттық жүйелерге қате енгізу фактілеріне жол бермеуі жөнінде тиісті мемлекеттік қызмет көрсету функциялары жүктелген қызметкерлерге басшылық тарапынан қатаң ескертіліп отырылады. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақыттарда да өз жалғасын табады.

Даниярхан МАХАМБЕТОВ, облыс әкімдігі ауылшаруашылығы басқармасының бас маманы