Жамбыл жаңалықтары

Жамбыл облысында сарбаз өлімін тергеу кезінде бірнеше адам қызметінен шеттетілді

Жамбыл облысында сарбаз өлімін тергеу кезінде бірнеше адам қызметінен шеттетілді

Бүгінде Жамбыл облысындағы сарбаздың өліміне байланысты бірқатар басшы қызметінен шеттетілді. Бұл туралы бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов айтты, деп хабарлады Arainfo тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап.

Оның айутынша, сарбаздың өлімін ІІМ Әскери-тергеу басқармасы тергеп жатыр.

Қайғылы оқиғаға қатысты ҰҚК Шекара қызметі де тергеу жүргізген. «Біз де өз тергеуімізді жүргіздік. Бірқатар тәртіптік және басқа шараны қабылдадық. Жамбыл облысы бойынша шекара қызметі департаментінің басшысы, шекара басқармасының басшы, оқиға болған жердегі заставаның тәрбие жөніндегі орынбасары лауазымдарынан шеттетілді. Олар тергеудің аяқталуын күтіп отыр. Болашақта осы лауазымды тұлғаларға шаралар қабылданады», - деді Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары.