БЕРЕРІ МОЛ ДӘРІС
БЕРЕРІ МОЛ ДӘРІС
Басқосу қатысушыларына академиядағы ішкі тәртіп, оқуға түсу шарттары, қандай мамандықтар оқытылатыны, ондағы оң өзгерістер түсіндірілді. Мәселен, мұнда «Педагогика және психология», «Құқық қорғау қызметі», «Әлеуметтік жұмыс» сынды үш мамандық оқытылады екен. Кафедра меңгерушісі Ерболат Ержанұлы оқуға шәкірт өз ынтасымен түсу керектігін алға тартты. – Академияға оқуға түсіп әрі жалақы алып, оқуды тәмамдаған соң өз жеріңде бес жыл осы салада қызмет етуіңіз керек. Ішкі істер органдарында жұмыс істеген мемлекеттік қызметші 45 жасында зейнетке шығады, – деген Ерболат Ержанұлы бүгінгі күні ішкі істер саласы өз қызметкерлеріне барынша жағдай істеп жатқанын, соның ішінде қызметкерлерді баспана мұқтаждығынан құтқару мәселесі, олардың балаларын кезектен тыс балабақшаға орналастырып бере алатындықтарын, еңбекақыларының да жыл санап өсіп отырғанын баса айтып өтті. Әр мектептен жиылған оқушылар көкейдегі сұрақтарын қойып, тыңғылықты жауаптар алды. Жиын соңында ұсыныс-пікірлер талқыланды.
Эльмира БАЙНАЗАРОВА