Әлеумет

«Ауған асуында от кешкендер»

«Ауған асуында от кешкендер»

Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына орай Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесіне қарасты №6кітапханада«Ауған асуында от кешкендер»  атты кездесу өтті.

Кездесуге облыстық облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Құрмет орденінің иегері Дүкенбай Ермеков, қалалық №32 орта мектебінің кітапханашысы Дина Қаратаева, тарих пәнінің мұғалімі Жадыра Ауежанова мен оқушылар ат салысты. Ауған соғысы туралы мәлімет беретін бейнеслайд көрсетіліп, оқырмандар тарихи оқиғадан хабардар болды. Дүкенбай Ермеков Ауғанстан жерінде болған соғыстың тарихи мағынасы туралы жан-жақты мәліметтер айтып,  ерлік пен елдіктің өнегесін көрсеткен батыр жерлестеріміз жайлы тебіренісін жеткізді. Көрермендер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Іс-шарада мәдениет үйінің өнерпаздары патриоттық әндерін тарту етіп, оқушылар ардагерлерге арналған өлеңдер оқыды. Кеш соңында кітапхана қызметкерлері «Бейбітшілік – ел тілегі» атты кітап көрмесін дайындап, библиогафиялық шолу жасады.

                         А.Бекпатшаева,  кітапхана меңгерушісі