«Ұлттық қор – балаларға»: ата-аналар ақшаны онлайн бақылай ала ма?
«Ұлттық қор – балаларға»: ата-аналар ақшаны онлайн бақылай ала ма?
Президенттің тапсырмасын орындау үшін Қаржы министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, «Ұлттық қор – балаларға» жобасын іске қосу тәсілдерін әзірлеген. Осы жұмада жобаға қатысты түзетулер Парламенттің қарауына енгізіледі.
Вице-министр ата-аналар қордағы ақшаны онлайн бақылай алатынын да жеткізді.
Сондай-ақ ол отбасында қайғылы жағдай болса, қалған балаларға ақша қалай берілуі мүмкін деген сұраққа жауап берді. «Мысалы, отбасында 2-ден көп бар делік. Құдай сақтасын, алайда оның біреуі қайтыс болса, Ұлттық қордағы жинақталған ақшаны осы отбасындағы балаларға бөліп беру мәселесі қарастырылып жатыр», - деп түйіндеді сөзін Дәурен Темірбеков. Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық қордан балаларға аударылатын ақшаның қалай берілетіні түсіндірілген еді.