Жаңалықтар

Мектепте балаларды балтамен ұрған оқушы туралы тың дерек айтылды

Мектепте балаларды балтамен ұрған оқушы туралы тың дерек айтылды

Үкімет отырысында Петропавл қаласындағы №4 мектепте балаларды балтамен ұрған оқушы туралы тың дерек айтылды, деп хабарлайды Arainfo тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Үкімет отырысы 13 ақпан күні Петропавл қаласындағы №4 мектепте болған оқыс оқиғаны талқылаудан басталды. Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев оқиғаның мән-жайын Үкімет мүшелеріне баяндап берді.

Сөзінше, оқушы сағат 7.50-де екінші қабатта орналасқан әжетханада маскасын киіп, балтамен дәлізге жүгіріп шығып, алдымен 10-сынып оқушысының басынан екі рет ұрып, кейін 10-сыныпта оқитын қыздың иығына бір рет және басына екі рет ұрған, содан кейін 9-сынып оқушысының басынан тағы бір рет ұрған.

ІІМ өкілінің берген мәліметіне сәйкес, күдіктінің психикалық денсаулығында проблемасы бар. Алматы қаласының республикалық психикалық денсаулық ғылыми-тәжірибелік орталығы жалпы білім беру бағдарламасы бойынша оқуын жалғастыруға рұқсат берген. №4 мектепте екі ауысымда оқиды. 39 сынып, 984 оқушы, 70 мұғалім бар, ал оның біреуі психолог. Мектепте және оның аумағында 42 бейнебақылау камерасы бар және «СА Барыс next» ЖШС қосылған 5 дабыл түймесі бар. Оқиға болған күні мектептің бірінші қабатында күзетші-вахтер болған. Қожаев тергеу бақылауға алынғанын айтып, нәтижелері бойынша қылмыс пен заңды бұзудың себептері мен жағдайларының алдын алу бойынша ұсыныс енгізіледі. 13 ақпанда Петропавлда оқушы мектепке пышақ пен балта алып кіріп, оқушыларды жаралағанын жазған болатынбыз.