Брифинг

Сақтансаң сақтайды!

Сақтансаң сақтайды!

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен кезекті брифингте ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ «Жамбыл аумақтық пайдалану басқармасы» филиалының басшысы Сұлтан Ақбердиев есеп берді.

«Қазселденқорғау» мекемесі облыс аумағындағы халықты, шаруашылық обьектілерін көрсету аймағындағы қауіпті табиғи құбылыстардың (сел, сырғыма, қар көшкіні) әсерінен сенімді қорғауды қамтамасыз ету болып табылады. Филиалдың қызмет атқару аймағында қар көшкіні қаупін төндіретін Жуалы ауданында Көксай және Қаралма шатқалы тіркелген. Облыста қараша-наурыз айлары аралығында қар көшкіні қауіпті кезең болып есептеледі. Жуалы ауданында Көксай шатқалында филиалдың тұрақты су бекеті жұмыс атқарады, онда радиобайланыспен қамтамасыз етілген су бақылаушысы тәулігіне үш мәрте гидрометеорологиялық жағдай бойынша орталық диспетчерлік пунктіне мәлімет ұсынып отырады. Спикердің айтуынша, филиал мамандарымен Көксай, Ақсай, Қаралма шатқалдарына «Сақ болыңыз, Қар көшкіні!» ескерту қалқаншасы мен Көксай, Қаралма шатқалдарына қар қалыңдығын өлшеу бағытындағы рейкалар орналастырылған. Өткен жылдың қараша айынан бастап таулы аймақта орналасқан қар көшкіні қауіпті бар аудандардағы әртүрлі деңгейдегі әкімдіктерге, кәсіпорын, мекеме, әскери бөлім басшыларына, шауа қожалық иелеріне 137 дана ескертпе-ұсыныс беріліп, түсіндіру жұмыстары барысында қар көшкінінен мағлұмат беретін  547 дана «Қар көшкіні кезінде қандай әрекет жасау керек» жадынамасы таратылған.  – Облыстағы Қырғыз жотасының, Талас Алатауының солтүстік беткейіндегі қар көшкіні қауіптілігін, сел қауіпті өзендердегі мұз құбылысын анықтау, таулы аймақтағы қар қорын фондық бағалау,  мақсатында Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп  аэрошолу зерттеу  жұмыстарын жүргізді. Қар көшкіні жағдайларының болуы ықтималдығы мерзімінде қауіпті аймақта орналасқан мекемелерге, Жуалы, Т. Рысқұлов, Меркі, Қордай және Талас ауданы әкімдіктеріне, аудандық және ауылдық округтеріне 96 хабарлама-ұсыныс хаттар берілді. Филиал мамандары бекітілген кестеге сәйкес әр айдың онкүндігінде Көксай, Қаралма шатқалындағы көшкін қауіпті телімге  жербетілік зерттеу жүргізіліп, 10 зерттеу актілері жазылды. Зерттеу нәтижесінде қар жамылғысы биіктігі анықталып, көшкін туындау қауіптілігіне талдау жасалынды, – деді  Сұлтан Ақбердиев.

Айжан Өзбекова