Электрондық үкіметтің елге пайдасы мол
Электрондық үкіметтің елге пайдасы мол
Мемлекеттік қызметтің көмегімен азаматтарға жеңілдіктер мен өтемақыларға құқығын растайтын куәлік алу мүмкіндігі беріледі. Жаңа қызмет eGov.kz порталында тегін көрсетіледі және 2022 жылдан бастап қолжетімді. Қызмет іске қосылғаннан бері 311 азамат онлайн режимінде куәлік пен өтемақы алуға өтініш берді. Осындай қызмет еліміздегі ХҚКО-ның көмегімен де көрсетіледі. Тек 2021 жылдың өзінде 7 мыңға жуық адам қағаз түрінде өтініш берген. «Бұл қызмет бұрын ХҚКО арқылы қағаз түрінде ғана көрсетілетін. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін мемлекеттік органдармен бірлесіп, қызметті онлайн форматқа көшірдік. Бұл Семей өңірінің тұрғындары үшін өте маңызды әрі қажетті қызмет деп ойлаймыз. «ҰАТ» АҚ ұжымының атқарған жұмысының арқасында онлайн мемлекеттік қызметтердің тізімі күннен-күнге өсіп келеді», – дейді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин. Қызметті пайдалану үшін egov.kz порталына кіріп, басты бетте «Әлеуметтік қамсыздандыру» бөлімін ашып, «Отбасыларға көмек» тармағын таңдап, қажетті қызметті таңдау қерек. Әрі қарай, пайдаланушы порталда авторизацияланады; онлайн қызметке тапсырыс береді; барлық қажетті жолдарды толтырады; ЭЦҚ немесе екі факторлы аутентификация көмегімен өтінімге қол қояды. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі 20 жұмыс күні ішінде қалыптастырылады және пайдаланушының «Жеке кабинетінде» хабарлама ретінде сақталады. Хабарламаны алғаннан кейін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен жеке куәлікті/жеке куәліктің телнұсқасын алуы қажет. Біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы өңірлер, республикалық маңызы бар қалалар және мемлекет астанасы бойынша өтемақы төлеу кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Гүлназ СЕРҒАЛИ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ облыс бойынша филиалының Бірыңғай байланыс орталығы бөлімінің маманы