Еліміздің 9 қаласында пияздың бағасы 2 есе артып отыр
Еліміздің 9 қаласында пияздың бағасы 2 есе артып отыр
Қостанайдағы дүкендердің біріндегі пияздың 1 келісі қазір – 260 теңге. Егер қаппен алсаңыз, жеңілдік жасалады. Сауда бөлімінің бастығы Константин Бурактың айтуынша, ол үшін дүрбелең туындап жатқан жоқ, адамдар 2-3 келіден алып жатыр екен. Бұл ретте жұрт әлеуметтік бағадағы пиязды бірнеше сағат ішінде тез алып кетеді. Өйткені ондағы баға нарықтық құннан 2 есе төмен.
Сондай-ақ 1 жыл ішінде пияз бағасы Жезқазғанда да айтарлықтай артқан. Ондағы жылдық өсім – 200%-ға жуық. Содан кейін Тараз және Қызылорда көш бастап тұр. Бір аптада бұл көкөніс бағасының өсуін Атырау, Қостанай және Жезқазған тұрғындары көбірек сезінді. Жалпы, пияз елдің 9 қаласында 2 есе қымбаттады дейді сауда саласының мамандары. Еске сала кетсек, фермерлер «халық пиязды аз тұтынады» деп оның 70 мың тоннасын қоқысқа тастауға мәжбүр болған-ды...