Жеке кәсіпкердің жүйкесін жұқартқан жарық «жыры»
Жеке кәсіпкердің жүйкесін жұқартқан жарық «жыры»
Аталған мәселенің себеп-салдарын анықтау мақсатында «Жамбыл электр жүйесі» ЖШС-нің техникалық шартына және тұтынушы мен электржелілік тұтынушы арасындағы теңгерімдік тиесілік пен пайдалану жауапкершілігін ажырату туралы актісін Облыстық полиция Департаментінің Техникалық жабдықтау басқармасының және «Тараз қалалық электр жүйесі» ЖШС-нің жауапты мамандардың қатысумен зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, 9 ақпанда Жамбыл облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің сүйемелдеуімен облыстық полиция Департаменті балансындағы ТП-342 «В» электр трансформаторына электр энергиясына қосу туралы «Жамбыл электр жүйесі» ЖШС-нің техникалық шартына және тұтынушы мен электржелілік тұтынушы арасындағы теңгерімдік тиесілік пен пайдалану жауапкершілігін ажырату туралы актісіне қол қою арқылы оң шешімін тапты.