Спорт

Шағын футболдан турнир өтті

Шағын футболдан турнир өтті

Бүгін Сортөбе ауылдық округінің М.Мәметова атындағы № 17 орта мектебінде ауыл жастары арасында «Бірлігіміз жарасқан» ұранымен футболдан турнир өтті.

Ауыл тұрғындары қатысқан жарыстар салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ этносаралық келісімді сақтау және нығайту мақсатында өтті. Ойын алаңында қатысушылардың жеңіске ұмтылысымен қатар, өзара достық қарым-қатынастары мен ұйымшылдықтары байқалды. Ойын қорытындысы бойынша жарыстың барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдармен, кубоктармен, дипломдармен марапатталды. Сондай-ақ, этносаралық келісім мен бірлікті нығайту бағытында ұйымдастырылған мәдени-көпшілік шаралардың жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан азаматтарға аудан әкімінің алғыс хатты табыс етілді.